Анна Данилина US Open турнирінің финалына жолдама алды

Автор: Аманалина Тоғжан

Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген

Фото: ktf.kz

Қазақстандық Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Теннис федерациясының мәліметінше, теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапониялық Ена Шибахара – хорватиялық Мате Павичпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-финляндиялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 7:6 (7:2), 6:4 есебімен басым түсті.

Данилина – Хелиоваара финалда америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салады. Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген.