Ол 50+ категориясы бойынша жарысқа түскен
Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Astana Qazaqstan Team велокомандасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ категориясы бойынша алтын медаль иеленген.
Екінші орында — испандық Рауль Патино. Үздік үштікті Адриан Яш түйіндеді.