«Астана» футболшылары бірнеше айдан бері жалақы алмаған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ойын нәтижелерінен де көріне бастаған

Елордалық «Астана» футбол клубының ойыншылары соңғы айларда жалақы алмаған, деп жазады Vesti.kz.

Жалақының берілмеуі команда ойыншыларын қатты алаңдатып отырғандықтан, бұл ойын нәтижелерінен де көріне бастаған.

Қазақстандық премьер-лиганың тоғызыншы турында «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» 0:0 есебімен ұта алмады.

«Астана» футболшылары 22 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Алдыңғы қатардағы «Қызылжардың» да есебі бірдей болғанымен, петропавлдықтар бір матч кем өткізді.