Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«102 салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұрғиса жұлқа көтеруде (181 келі) кіші күміс, және серпе көтеруде (219) кіші алтын жүлдеге қол жеткізді.