Әлем чемпионы атағын екінші рет қорғағалы жатқан Жәнібек Әлімханұлы қанша ақша алады

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек 14 мамырда таңертең АҚШ-тың Стоктон қаласында өтеді

©Top Rank

Әлем чемпионы атағын екінші рет қорғағалы жатқан Жәнібек Әлімханұлының қанша ақша алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Sports.kz жазуынша, танымал америкалық инсайдер Дэн Рафаэл орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының канадалық Стивен Батлермен жекпе-жегі үшін шамамен қанша ақша алатыны айтты.

Жекпе-жек 14 мамырда таңертең АҚШ-тың Стоктон қаласында өтеді. Жекпе-жекте Әлімханұлы чемпион атағын екінші рет қорғайды.

Twitter қолданушыларының бірі бұл жекпе-жек үшін Батлер 1 миллион доллардан астам ақша алады деген қауесет шыққанын жазды. Твит авторының өзі бұл соманың растығына күмән келтіреді. Осы жайтқа қатысты Дэн Рафаэль де күмәнмен қарайтынын айтты.

«Батлердің соншалықты көп ақша алатын мүмкіндігі нөлге тең. Мен олардың қанша алатынын Калифорния штатының комиссиясынан сұрап білемін. Чемпион ретінде Жәнібек 500 мың доллар табуы мүмкін», – деп жазды журналист.