Қазақ балуандары Санжар Досжанов пен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Финалға шыққан қос балуан өзбек спортшыларын басып озды

Фото: ©instagram.com/drs_kz

Еркін күрестен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ балуандары Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

70 келіде ел намысын қорғаған Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Отохоновты 2:0 есебімен жеңді.

79 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Болат Сақаев өзбекстандық Бекзот Абдурахмоновты 6:1 есебімен басым түсті.