«Барыс» сапынан бірқатар қазақ ойыншы кетеді

Автор: Azattyq Rýhy
фото: bassport.kz

Астаналық «Барыс» сапын биылғы маусымаралық кезеңде елеулі өзгеріс күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

«Арена Бреда» телеграм-каналының ақпаратына сәйкес, командадан жергілікті ойыншылардың біразы кетеді.

Шабуылшы Антон Сагадеев Сочиде мансабын жалғастыратыны белгілі. Сондай-ақ щабуылшылар Егор Петухов пен Никита Михайлис те команда ауыстырады.

Петухов ҚХЛ-да 68 кездесуде 24 (17+7) ұпай жинап, маусымды сәтті өткізді. Сол арқылы ол командада сұрмергендер тізімінде капитан Линден Вейден кейінгі екінші сатыға жайғасты.

Михайлис 58 кездесуде 41 (15+26) ұпай жинап, өткен маусымда Линден Веймен «Барыстың» үздік сұрмергені атағын бөлісті.