Қарулы күштердің әскери қызметшісі Халықаралық турнирде «қола» жүлдеге ие болды
«Достық кубогы» жекпе-жегінен әлем кубогының кезекті кезеңі Мәскеуде екінші рет өтіп отыр

Астанадағы 68665 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Ислам Жайлау қоян-қолтық ұрыстан өткен «Достық кубогы» халықаралық турнирінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жыл сайын өтетін халықаралық турнирге биыл Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иордания, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Сирия, Сьерра-Леоне, Тәжікстан, Өзбекстан, Франциядан келген мықты спортшылар қатысты.
«Турнир жоғары деңгейде өтті. Қарсыластар да бір-біріне лайықты болды, – деп өз әсерімен бөлісті Ислам Жайлау. – Әрбір әскери қызметші үшін қоян-қолтық ұрыс жекпе-жектің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз басым жаттығуымды жалғастыра беремін. Алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетуді жоспарлап отырмын. Жаттықтырушыларыма алғысымыз шексіз».