Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алған

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақ қызы Эльмира Сыздықова Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Эльмира Сыздықова қырғызстандық Айпері Медетқызын таза ұтып, 2 дүркін Азия чемпионы атанды.

Отандасымыз сары құрлық бәсекесін ширек финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын ұтты. Сосын жартылай финалда қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен жеңді.

Тегтер: