Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде жарақат алып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Теннисші матчты аяқтай алмады

Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде матчты аяқтай алмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің жетінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) турнирде WTA рейтингінде 14-ші орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад Майиге қарсы екінші айналымдағы кездесуінде ойыннан шығып қалды: - 1:6, 1:3.

«Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы жамбас сүйегінен жарақат алды», - деп хабарлады ҚТФ.