Теннис: Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтты

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Алдымен Михаил Мищенко тартысты бәсекеде қарсыласына жол берді – 4:6, 6:3, 3:6. Екінші ойында сингапурлық теннисшіні Мансұр Сайынов 6:4, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Шешуші, жұптық сында Михаил Мансұр Қазақстан құрамасына жеңіс әперді – 6:2, 6:3.

Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірінші ракетка болып тіркелген Австралиямен кездеседі. Осы матчта қай команданың ширек финалға бірінші орынмен шығатыны белгілі болады.