Жарысқа 14 мемлекеттің спортшылары қатысты
Шаңғы жарысынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада 3х5 шақырымдық эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші болып Финляндия өкілдері мәреге жетсе, екінші орынды Норвегия құрамасы иеленді.
Қазақстандық Айша Рақышева, Ксения Шалыгина және Надежда Степашкина үшінші орын алды.
Универсиада. Лейк-Плэсид. Шаңғы жарысы
Әйелдер. Эстафета 3×5 км
1. Финляндия – 43:49,6
2. Норвегия – +0,7
3. Қазақстан – +12,4