Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен кездесті

фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті. Бірінші партияда Бублик 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті – 6:4.

Александр финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі.