Бокс кеші алдында Лас-Вегаста баспасөз мәслихаты өтті
Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай мәлімдемені ол Лас-Вегастағы қорытынды баспасөз жиынында жасады.
«Төрт жыл да өтіп кетіпті. Ақыры трилогия өтетін болды. Жанкүйерлерге жақсы сыйлық. Өзімді жақсы сезінемін, күшім мығым және дайынмын. Жеңісіме сенімдімін, өзіме де, командама да, мені қолдаушыларға да сенімдімін. Бұл менің нағыз өмірім. Екеуміз де кәсіпқоймыз. Оның стратегиясында агрессия басым, менікі - тәжірибеге көбірек негізделген. Көреміз. Кім мықты екенін ринг көрсетеді. Бұл біз үшін үлкен айқас. 160 фунтта менде үш белбеу бар. Ал бұл 168 фунттағы айқас болады. Мен үшін жаңа тәжірибе. Бәрі өзгереді, бұл өмірде бәрі мүмкін», - деді Головкин.