Қазақстандық телеарналар Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Сонымен қатар, көрермендер «Qazaqstan.tv» қосымшасы арқылы qazaqstantv және qazsporttv.kz сайттарынан онлайн тамашалай алады.