Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 11 жүлде бар
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Польшада өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтын медальдарды Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді.
Валентина Хальзова турнирді екінші орынмен аяқтады.
Балауса Мұздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Урақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсай Ержан, Мәдина Нұрашева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.