Хоккейден Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін ол Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартқан болатын

фото: hcbarys.kz

Андрей Скабелка елордалық «Барыс» хоккей командасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Шайба.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін 51 жастағы Андрей  Скабелка Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2022 жылы қазақстандық хоккейшілер Польша командасынан ойсырай жеңілген соң бапкер команданы жаттықтырғысы келмейтінін айтып, жұмыстан кетті. Одан кейін Локомотивпен үш жылдық келісімшарт жасасқан.  Алайда араға бір жыл уақыт салып Скабелка отставкаға кетті.

Биыл ол «Барыс» командасына қайта оралды, бұл жолы беларусьтік маман Қазақстан құрамасымен жұмыс істеуден бас тартпады.