Қазақстандық теннисші финалда рейтингте америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты. Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:3. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Қазақстандық теннисші финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады.