Алғашқы ойын Алматының орталық стадионында өтеді
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» пен венгриялық «Кишварда» арасындағы қарымта ойын қайда өтетіні анықталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Кишварда» командасының ресми сайты таратқан хабарламаға сәйкес, клуб УЕФА-дан екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы «Варкерт» стадионында өтеді деген ресми хабарлама алған.
УЕФА маусым айының басында Варкерт стадионындағы алаңды тексеріп, бірнеше кемшілікті жөндеу қажет деген шешім шығарған болатын. Бұл кемшіліктер жойылып, енді стадион еурокубок ойынын қабылдауға мүмкіндік алып отыр.
Айта кетейік, екі команда арасындағы алғашқы ойын 21 шілдеде Алматының орталық стадионында өтеді.