Шведова ардагерлер Уимблдонында жеңіске жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Шведова/Кинг жұбы К.Шпрем/ А-Л.Гренефельд дуэтінен басым түсті

фото: prosports.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге ардагер Уимблдон турнирінде топтық кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шведова/Кинг жұбы К.Шпрем (Хорватия)/А-Л.Гренефельд (Германия) дуэтін 3:6, 7:6, 10:7 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды.