Шетелдік спортшының «бағасы» 1,4 млн еуро
«Астана» «Хатайспордан» жалға алған Мохаммед Камараны сатып алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz түркиялық fotomac.com сайтына сілтеме жасап.
Либериялық вингерді «Астана» биыл мамырда жалға алған. Келісім бойынша елордалық клуб футболшыны бір миллион еуроға сатып алуға құқылы еді. Алайда Камара тек екі ойын өткізіп, алаңға шықпай кеткен.
«Трансфермаркт» сайтында Камараның бағасы 1,4 млн еуро деп жазылған.