Жекпе-жек биылғы 17 қыркүйекке жоспарланған
ESPN ақпарат көзінің мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің кезекті кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы 17 қыркүйекке жоспарланғаны хабарланған.
Айта кетейік, T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өткен болатын. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқаста төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жетті.