Мексикада өтіп жатқан додада Никита Абдрахманов үздік деп танылды
Қазақстан Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы алтын жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
102 килоға дейін салмақта Никита Абдрахманов 348 кг (157+191 кг) бағындырып, топ жарды. Екінші орынды өзбек спортшысы алса, қола жүлдеге түрік зілтеміршісі қол жеткізді.