Кубалық чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Орта салмақта өнер көрсететін кубалық Эрисланди Лара әлем чемпионы титулының екінші дәрежелі WBA World белбеуіне ие

фото: StarSports.life

39 жастағы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) карьерасын аяқтамақ түгілі, ең мықты деген боксшылармен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz сайты vRINGe.com-ға сілтеме жасап.

"Чарлоның екеуімен де жұдырықтасқым келеді, Дэнни Гарсиямен де. Кит Турман ең мықтылармен айқасқысы келсе, онымен де аралық салмақта жекпе-жекке дайынмын. Эррол Спенс және Геннадий Головкин - осы екеуімен кездесуге қуанышты боламын. Мен әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенімді білемін және адамдар аңыз деп ойлайтын қарсыластармен шыққым келеді. Олармен айқасып, оларды жеңем", - дейді Лара.