Қайрат Ахметовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық спортшы Сингапурдегі One Championship турниріне қатысады

фото: prosports.kz

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегін үшінші маусым күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы 33 жастағы жапон Тацумицу Вада болмақ. Күншығыс елінің өкілі 23 рет ұтып, 11 мәрте жеңіліп, 1 жекпе-жекте қарсыласпен тең түскен.

34 жастағы Қайраттың еншісінде 25 жеңіс бар. Екі рет жеңіліс құшқан.

Еске сала кетейік, Ахметов соңғы айқасын 17 желтоқсанда Сингапурде өткізіп, турнирдің басты жекпе-жегінде филиппиндік Дэнни Кингаданы ұтты.