Алан Құрманғалиев Польшадағы жарыстың жүлдегері атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде екінші орын алды

фото: prosports.kz

Алан Құрманғалиев Польшадағы жарыстың жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Польшада өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде екінші орын алды.

17 жас санатында ол Джузеппе Каларконы (Италия), Егор Ларковты (Литва), Пётр Гавласты (Польша), Рохелио Кастроны (Мексика), Ли Хоюнді (Корея), Натана Ламаны (Франция) жеңген.

Финалда кореялық ойыншы О Чжун Сунға есе жіберді.

Тегтер: