10.05.2022, 10:42
Спорт
Бразилия Сурдлимпиада ойындары: Үшінші күміс жүлде қоржында
Бұған қоса қазақстандық спортшылар 12 қола жүлде жеңіп алды
фото: ҰСК
Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан үшінші күміс жүлдені иеленді. Кезекті жүлдені ел қоржынына ядро лақтырудан Ольга Хижникова салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортшы 12.32 м нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Украин спортшысы жеңіп алса, үздік үштікті Колумбия өкілі қорытындылады.
Сурдлимпиада ойындарының 9-шы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 3 күміс, 12 қола жүлде бар.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
