Елнұр Әбдураимов Өзбекстанның намысын қорғайтын қазақ боксшы
Елнұр Әбдураимов Лас-Вегаста өткен бокс кешінің андеркартында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Оның қарсыласы жеңілмеген кубалық боксшы Мануэль Корреа болды. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екіншісінде аяқталған.
Әбдураимов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Өзбекстандық боксшы кәсіпқой жекпе-жекте тоғызыншы рет жеңіске жетті, ал Корреа алғаш рет жеңілді.