Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге жекпе-жек 17 қыркүйекке белгіленіп отыр 

Фото: Sports.kz

Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында биылғы қыркүйекте өтетін үшінші жекпе-жектің бастапқы жоспарын растады, деп хабарлады Sports.kz сайты. 

«Matchroom Boxing төрағасы Эдди Хирн Канело-Бивол жекпе-жегінің промоушны барысында Лас-Вегас қаласының Канело Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші және соңғы жекпе-жекті өткізуге «сөзсіз фаворит» екенін айтты. Оның айтуынша, болжамды күн - 17 қыркүйек, бірақ әлі толық шешім шыққан жоқ», - деп хабарлайды Las Vegas Review Journal тілшісі Сэм Гордон. 

Еске сала кетсек, GGG мен Канело арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Олардың алғашқысында есеп тең аяқталса екіншісінде төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен Альварес жеңіске жетті.