Қазақстанның Дэвис кубогы турнирі финалдық бөлігіндегі қарсыластары анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңімпаз 23-27 қараша аралығында анықталады

фото: prosports.kz

Дэвис кубогының финалдық бөлігінің топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан теннис командасы D тобына түсіп, Глазгода Ұлыбританиямен, АҚШ және Нидерландымен ойнайды.

Сондай-ақ, топтық кезең матчтары Италиядағы Болонья, Германияның Гамбург, Испанияның Валенсия қалаларында 14-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Болоньяда А тобында Италия, Хорватия, Аргентина және Швеция ойнайды. Валенсиядағы В тобы – Испания, Канада, Сербия және Оңтүстік Корея. Ал С тобында Гамбургте – Германия, Франция, Бельгия және Австралия бақ сынайды.

Дэвис кубогының топтық кезеңі алғаш рет төрт түрлі қалада өтеді, ал плей-оффты испаниялық Малага қабылдайды.

Төрт топтың екі үздік командасы плей-офф кезеңіне өтеді. Жеңімпаз 23-27 қараша аралығында анықталады.