Тағы екеуі қол жүлде үшін күреседі
Ұлан-баторда күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды. Бүгін Қазақстан сапынан бозкілемге шыққан бес балуанның үшеуі финалға, екеуі қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлықтық бәсекенің екінші жарыс күнінде балуандар 60, 67, 72, 82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде белдесуде.
Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Абылайхан Амзаев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) жарыстың финалында белдессе, Ернұр Фидахметов (60 келі) пен Санжар Серікқан (97 келі) қола жүлдені сарапқа салады.
Финалдық кездесулер елорда уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ:
Жұбаныш финалы (Қола жүлде үшін белдесу)