Спортшы Чемпионатта үздік болуға келдім деді
«Ақтөбенің» шабуылшысы Жерар Гоу Қазақстан чемпионатында соққан голдарының саны 100-ге жетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ақтөбеге» гол соғу үшін келдім. Үлкен клубқа көмектесуге және чемпионатта үздік болуға келдім. Алдымен кешегі маңызды жеңіс үшін құдайға алғысымды айтқым келеді. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахметімді айтамын. Оңай ойын болған жоқ, бірақ біз қақпамызға гол жібергеннен соң жеңісті жұлып ала алдық, - деп жазды футболшы.