Бұл Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы 42-жеңісі
Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаны жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.
Алғашқы раундтарда қос боксшы тең түскенімен, раундтың ортасына қарай қазақстандық боксшы шабуылға көшті.
Соның нәтижесінде 9-раундта жапон боксшысы Мурата рингте құлап, шаршы алаңға ақ орамал лақтырды.
Осылайша Головкин осы жеңісінен соң IBF, IBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды. Сонымен қатар қарсыласының WBA Super белдігін өзіне алды.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін хабарланғандай, Головкин бүгінгі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады.