Қазақстандық боксшы қарсыласынан 5:0 ұпаймен басым түсті
Тайландта бокстан өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы «алтын» түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы жүлдені 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Серік Теміржанов қанжығаға байлады.
Соңғы жекпе-жекте ол филиппиндік Ян Кларк Баутистамен жұдырықтасқан.