$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.03.2022, 10:44
Спорт

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық бес спортшы финалға шықты

Олар жартылай финалда қарсыластарынан басым түсті

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық бес спортшы финалға шықты

Иорданияның Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі жалғасуда. Жартылай финал жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша, бес қазақстандық боксшы қыз ақтық сынға жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

46 келідегі Диана Елеусіз өзбекстандық Жасми Тохировадан, 48 келідегі Гаухар Зарден үндістандық қарсыласынан жеңілді. 52 келідегі Шахназ Тайыржанова, 54 келідегі Айша Сариевалар да үнді спортшыларына есе жіберді. 57 келідегі Анар Сәлімбай иорданиялық Ая Сувиндехтке 2:3 есебімен жол берді. Ауыр салмақтағы Аружан Зейноллаева өзбек қыз Собирахан Шахобидиновадан жеңілген.

50 келідегі Карина Тоқыбай, 60 келідегі Ұлдана Тубай, 63 келідегі Нұрсулу Сүйенәлі, 66 келідегі Аружан Жанғабаевалар жартылай финал кездесулерінде жеңіске жетті. Сондай-ақ, 80 келідегі Құралай Егінбайқызы өзбекстандық Рукшон Парпиеваны 5:0 есебімен ұтты.

Осылайша, бес боксшы қызымыз Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады.

Серіктес жаңалықтары