Бұл жайлы ұйым өзінің ресми веб-сайтында жазды
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Канадада жоспарланған шорт-тректен әлем чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жайлы ұйым өзінің ресми веб-сайтында жазды:
«Әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты (COVID-19 пандемиясы және Украинадағы жағдай) ISU және Канадалық конькимен жүгіру спорты федерациясы Монреальда жоспарланған әлем чемпионатын кейінге қалдыруға келісті. Шамамен 2022 жылдың 8-10 сәуіріне жоспарланып отыр.
Іс-шараның кестесі жақын арада жарияланатын болады».