9 сәуірде Геннадий Головкин Жапонияда жұдырықтасады
Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) пен орта дивизионда IBF және IBO титулына ие қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас өткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy USA Today Sports+ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трилогия 17 қыркүйек өтеді деп жоспарланып отыр. Ал кездесу суперорта салмақ лимитінде (168 фунт) өтеді. Бұл кездесуде Альварестің төрт белбеуі түгел сарапқа салынады.
Жекпе-жек боксшылардың алдыңғы екі айқасы өткен Лас-Вегас қаласында өтеді деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, 9 сәуірде Геннадий Головкин орта салмақтағы IBF белбеуін қорғау үшін Жапонияда Риото Муратамен күш сынасады.