17.02.2022, 17:30
Спорт
Бейжің-2022: конькимен жүгіруден Қазақстан сапында Аржаниковтің орнына Морозов шығады
1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді
Фото: Olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер орын алды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ», - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.
Айта кетелік, ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді.
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды