Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын келер жылы кім жаттықтыратыны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ФИФА рейтингінде 119-орынға жайғасты

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын жаттықтыруын жалғастырады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа келісімшарт бойынша отандық маман тағы бір жыл жұмыс істейді.

Талғат Маруаұлының жетекшілігімен ұлттық құрама 2021 жылдың қорытындысы бойынша ФИФА рейтингінде 119-орынға жайғасты.

Еске салайық, 2022 жылы наурыз айларының 24 мен 29 күндері Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында С дивизионында қалу үшін Молдова командасымен өтпелі ойын өткізеді.