Футбол: Еуропаның ірі командаларында ойнаған әйгілі ойыншы «Ақсу» командасын жаттықтыруы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінге дейін ол «Галатасарайда» бас бапкердің көмекшісі болып істеді

Фото ашық дереккөзден

«Эспаньол», «Ливерпуль», «Галатасарай» командаларында ойнаған Альберт Риера «Ақсу» футбол клубына бас бапкер болып тағайындалуы ықтимал, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Мұндай ақпаратты әртүрлі футбол порталдары мен пабликтері таратуда. Клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасы да Испанияның туын орналастырып «Жақында. Жаңалықтарды оқи жүріңіз» деген пост іліп қойған.

Альберт Риера ойыншы мансабын «Мальоркада» бастаған. Одан соң «Бордо», «Эспаньол», «Ливерпуль» мен «Галатасарайда» ойнаған. Испания құрамасында 16 матч өткізіп, төрт гол соққан. Алайда Риера «Қызыл фуриямен» ірі турнирлерге қатыспаған.

Футболшы мансабын аяқтағаннан соң күні бүгінге дейін ол «Галатасарайда» бас бапкердің көмекшісі болып істейді. Ресей азаматшасына үйленген Альберт Риера Омбыда тұрады.

Бір қызығы, оның інісі Сито 2014-2016 жылдары Қазақстанда «Қайратта» ойнаған.

Айта кетейік, команданың бұрынғы жаттықтырушысы Марат Еслямов сенбі күні жұмысынан босатылған еді.