«Канелоның» бапкері кездесуді Мексикада өткізгісі келетінін айтқан
Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) Мексикадағы WBC конвенциясында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұдырықтасу жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған дейін Альварестің бапкері Эдди Рейносо шәкірті мен Головкин арасындағы үшінші кездесуді Мексикада өткізгісі келетінін айтқан болатын.
«Эдди солай десе, бас тарта алмаймын (күлді). Жекпе-жекке дайынмын», - деді Альварес.