Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Австрияда жаттығады

Автор: Azattyq Rýhy

19 қарашада біздің теннисшілер ол үшін UTTC Raiffeisen (Kennelbach) командасына қарсы кездесуде бақ сынайды

Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Ескендір Харки (Жамбыл облысы) мен Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент) Австрияға шеберліктерін шыңдауға аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың жетекшілігімен спортшылар Баденер (Баден) клубының құрамында жаттығуға кірісті. Егер бәрі жоспардағыдай болса, онда 19 қарашада біздің теннисшілер ол үшін UTTC Raiffeisen (Kennelbach) командасына қарсы кездесуде бақ сынайды.

Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионындағы сегіз команданың арасында «Баденер» 10 ұпаймен 5-орынға жайғасты. Оның алдында Felbermayr (Wels, 15 ұпай), SolexConsult TTC (Wiener Neustadt, 15 ұпай), Vice Sparkasse (Зальцбург, 12 ұпай) және UTTC (Stockerau, 11 ұпай) клубтары тұр.