Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол неваза бөлімінде 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды

Қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева Абу-Дабиде (БАӘ) джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол неваза бөлімінде 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Осылайша Мөлдір екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Турнир барысында отандасымыз Корея, Филиппин және Вьетнам спортшыларын жеңіп, бірде-бір ұпай берген жоқ.

Айта кетейік, Мөлдір Мекенбаева Қазақстан спортшылары арасында джиу-джитсудан алғаш болып қара белбеуге қол жеткізді.