Бокстан әлем чемпионаты: Ел қоржыны күміс медальмен толықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанға күміс жүлде сыйлаған – 20 жастағы Махмуд Сабырхан

Фото ашық дереккөзден

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына Махмуд Сабырхан күміс жүлде салды.

20 жастағы боксшы финалдық кездесуде қарсыласы жапондық былғары қолғап шебері Тамоя Цубойға есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты. 

Айта кетейік, бұл 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмуд Сабырханның алғашқы әлем чемпионаты.