Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қола медальді еншіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – оның әлем біріншілігіндегі үшінші қоласы

Фото ашық дереккөзден

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Жүсіпов жартылай финалда жапон боксшысы Севон Оказавамен жұдырықтасып, отандасымыз қарсыласынан 4:1 есебімен жеңілді. Сөйтіп құрама капитаны әлем біріншілігінің қола жүлдесін қанағат тұтты.  

Бұл Абылайханның әлем чемпионаттарында жеңіп алған үшінші қоласы. Бұған дейін ол 2017 жылы Гамбургте (Германия) және 2019 жылы Екатеринбургте (Ресей) әлем біріншіліктерінде үздік үштіккен енген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Белградтағы әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіповтің жартылай финалдық жекпе-жегінің нәтижесіне шағым түсірді.