Енді былғары қолғап шеберлері жартылай финал жолдамасы үшін сынға түседі
Қазақстан құрамасының қоржынына Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына берілген оныншы жолдама түсті.
Ширек финал жолдамасын Нұрбек Оралбай (80 келі) мажарстандық Пал Ковачпен сарапқа салған еді. Шаршы алаң төрінде қазақстандық боксшы ширақ қимылдап, төрешілер шешімімен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бүгін Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) ширек финал жолдамасын жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) ширек финалға жолдама алған еді.