Биылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының бес боксшысы жарыс жолынан шығып қалды
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рахматжон Рузиахунов әлем чемпионатында шәкірті Хасанбой Дусматовтың қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді. Ол сондай-ақ осы жекпе-жектегі шешімге байланысты аппеляциялық шағым берілгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі елдің боксшылары 51 келіге дейінгі салмақта күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Сәкен Бибосыновқа берген болатын. Жекпе-жек нәтижесінен кейін Өзбекстан құрамасы дау шығарды.
«Хасанбой кәсіпқой бокспен екі жылдан бері айналысып келеді. Сондықтан оның соққысы емес күші тасып тұр. Егер дәл тиген ауыр соққыларды назарға алар болсақ ол қазақстандық қарсыласын жеңді. Кездесуден кейін раундтарды көріп, ұпайларын қайта санап шықтық. Әрқайсысында Хасанбой көп соққы жасаған. Жекпе-жектің қайталауын эмоционалды тұрғыда емес, салқынқанды көріп шықтық. Содан кейін барып аппеляцияға бердік. Төрешілер кездесуді қайта көргеннен кейін біздің боксшымыз екінші раундта жеңгенін айтты. Егер жекпе-жек кезінде төрешілер екінші раундты біздің пайдамызға шешкенде, үшінші бөлікте Хасанбой шабуылын үдетер еді. Салдарынан боксшымыз соңғы раундты қорқынышпен өткізді. Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері өте тәжірибелі. Соңғы раундта өз боксшысына барынша сақ жұдырықтасуды айтқаны белгілі», - деді Өзбекстан құрамасының бапкері.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы биылғы әлем чемпионатында бес боксшысы жарыс жолынан шығып қалды.