$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2021, 15:27
Спорт

Қазақстандық спортшы бодибилдингтен абсолютті әлем чемпионы атанды

Ол «Фитнес-модель» номинациясында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы бодибилдингтен абсолютті әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Анастасия Щекотилова Латвияда өткен фитнес және бодибилдинг чемпионатында абсолютті әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Латвия астанасы Ригада 17-19 қазан аралығында халықаралық бодибилдинг және фитнес федерациясының бастамасымен бодибилдингтен IFBB World fit Model Championships әлем чемпионаты өтті. «Фитнес-модель» номинациясында бодибилдингтен абсолютті әлем чемпионы алматылық Анастасия Щекотилова атанды.

«Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің бәрі жасадым. Міне енді еңбегім бағаланып отыр. Бұл жолы жаттықтырушым қасымда болды, жеңіске жетуіме айтарлықтай септігі тиді», - деді чемпион.

Анастасия Щекотилова білімі бойынша экономист, бірақ 2019 жылдан бастап фитнес-модель болу туралы шешім қабылдады. Ол бодибилдингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ұлпан Нұрбекованың жетекшілігімен жаттығады. Анастасия 2021 жылғы Қазақстан кубогының абсолютті чемпионы атағын жеңіп алып, Еуропа чемпионы, сондай-ақ Arnold Classic 2021 екі дүркін және абсолютті чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары