Әлем чемпионаты: бокстан ұлттық құраманы жаңа капитан бастап барады

Автор: Azattyq Rýhy

Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына команда капитан таңдалды

Фото: Хабар 24

Бүгін бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа (Сербия) аттанады, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұл турнирге бармайтын Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына команда капитаны ретінде екі Олимпиадаға қатысқан және әлем чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов таңдалды.

Қазақстан құрамасы:

  • 48 келі - Теміртас Жүсіпов;
  • 51 келі - Сәкен Бибосынов;
  • 54 келі - Махмұд Сабырхан;
  • 57 келі - Серік Теміржанов;
  • 60 келі - Саматәлі Төлтаев;
  • 63,5 келі - Санатәлі Төлтаев;
  • 67 келі - Абылайхан Жүсіпов;
  • 71 келі - Асыланбек Шымбергенов;
  • 75 келі - Нұрқанат Райыс;
  • 80 келі - Нұрбек Оралбай;
  • 86 келі - Бек Нұрмағанбет;
  • 92 келі - Айбек Оралбай;
  • +92 келі - Нұрлан Сапарбай.

Сонымен бірге бапкерлер штабының құрамы да өзгерді. Осылайша бас жаттықтырушы Нұркен Аңдасов болады. Штаттағы бапкерлер: Ғани Әшкеев, Талғат Жақпеков, Максат Бақтыбазаров, Асқар Еркебаев, Александр Насибуллин және Нұржан Насанов.