Әлем чемпионаты 35-60 жас аралығында өтіп жатыр
Грекияның Лутраки қаласында ардагерлер арасындағы спорттық күрестен әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Қазақстан құрамасы сапында павлодарлық еркін күрес палуаны Турпалали Сулиманов та қатысты. Ол 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Е дивизионында өнер көрсетті.
Финалда ол грузин спортшысы Малхаз Розомашвилиді 6:2 есебімен ұтып, алтын медальді мойнына тақты.
Грекиядағы әлем чемпионатына 35 және 60 жас аралығындағы палуандар қатысуда. Оларды жасына қарай бес топқа бөлген.
Турнир 19-24 қазан күндері өтуде.